«Хабар» арнасының жаңалықтар жүргізушісі «Ең үздік тележүргізуші» атанды

«Хабар» арнасының жаңалықтар жүргізушісі «Ең үздік тележүргізуші» атанды

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары марапатталды.

14-ші рет өткізіліп отырған байқау осы жылы 10 номинация бойынша ұйымдастырылды. Ең беделді қоғамдық марапаттың біріне «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Мөлдір Доспаева ие болды. Мөлдір «Ең үздік тележүргізуші» номинациясында топ жарды. Ол 2 айға созылып, 2 кезеңнен тұрған конкурста тележүргізушілер арасында халықтың басым даусын жинап, жүзден жүйрік атанды.

Мөлдір Доспаева, «Хабар» телеарнасының тележүргізушісі:

- Өзімнің есімімді көріп, шыны керек таңғалдым. Күтпеген жағдай болды. «Халық сүйіктісінің» басқа премиялардан ерекшелігі – бұның атының өзінің әдемілігінде, иә? Халық сүйіктісін халықтың өзі таңдағаны да дұрыс болды. Өйткені әлеуметтік желіде дауыс беру жүрді. Одан 2-кезеңде сайтта қайтадан дауыс берді.