Тұрақты мекені жоқ жандардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Тұрақты мекені жоқ жандардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте іздеу-сұрауы жоқ кезбелердің атына несие рәсімдеген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды 24KZ. Күдіктілер 4 жыл бойы жалған банк шоттары арқылы жалпы сомасы 22 млн 800 мың теңгені қалтаға басқан. Қазір 5 адамның өзге де қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Прокурорлардың мәлімдеуінше, осыған байланысты кредиторларға да қылмыстық іс қозғалды. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, алаяқтық бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жандос Досанов, қала прокуратурасының басқарма басшысы:

- 22 млн 800 мың теңге көлеміндегі алаяқтық фактісі әшкереленді. Алайды жалған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тексеруге және олардың есепшоттарын бұғаттауға шаралар қолданбаған. Бұл құқықбұзушылықтар қылмыстық топтың алаяқтық жоспарларын жүзеге асыруға және жәбірленушілердің қаражаттарын иемденуге жол берілген.