Қарағанды облысында алғашқы жүн өңдеу цехы ашылды

Нысан мемлекеттік гранттың көмегімен салынды. Кәсіпкер қайтарымсыз қаражатқа қажетті қондырғылар сатып алды. Енді кәсіпорында ұлттық нақыштағы бұйымдар мен киім-кешек тігіледі.

Гүлпахат Құттыбаева бала күнінен анасынан жүн түтіп, киіз басуды үйренген. Кейін колледжде модельер мамандығын меңгеріп шықты. Қазір 3-курста оқиды. Мұнда ұлттық қолөнерді терең меңгеріп, облыс әкімінің 5 миллион теңге грантын иемденген. Қаражатқа шағын жүн өңдеу цехын ашып, қажетті қондырғылар сатып алған.

Гүлпахат Құттыбаева, кәсіпкер:

- Ең алдымен біз жүнді қабылдап аламыз. Оны ванналарда жуамыз. Кейін кептіргеннен кейін оны түтеміз. Бізде грант иегері болғанның арқасында қажетті қондырғылар бар түтетін, тарайтын.

Мұнда жүн өңделіп қана қоймайды. Табиғи шикізаттан текемет, киіз, киім кешек, кебіс жасалады. Гүлпахатқа анасы мен әкесі көмектеседі. Өнімге сұраныс зор. Қазір шебердің қолынан шыққан ерекше дүниелер алыс-жақын шетелдерде саудаланады. Жас кәсіпкер республикалық, халықаралық маңызды шаралар мен көрмелерге қалмай қатысады.

 Гүлпахат Құттыбаева, кәсіпкер:

- 2023 жылы мен  Астана қаласында болған самитке қатысқан едім. Сол кезде еліміздің президенті Тоқаев мырза мен Франция президенті келген болатын. Сонда қнерімді көрсеттім. Кейін 5-і дүниежүзілік көшпенділер ойынында өз өнерімді көрсеткен болатынмын. Сол кезде шетелден келген азаматтар менің жасаған заттарымды алып, өте /склейка/ ризашылығын білдірген болатын.

Жас кәсіпкердің арманы киізден жасалған қолөнер бұйымдарын әлемдік брендке айналдыру. Өңірде жүн өңдейтін кәсіпорын жоқтың-қасы. Фермерлер шикізатты өткізетін жер таппай отыр. Гүлпахаттың аядай цехтан бастаған жобасы осындай үлкен істің бастамасы болуымен ерекше, - дейді жергілікті билік өкілдері.

Айжан Қиясова, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі:

- Енді Қарағанды өңірінде мұндай бизнес түрі дамыған депа йта алмаймын. Бізідң облыстың аудандарында осы кәсіпорынға қажетті шикізат бар болғандықтан, одан өнім жасап, біздің ұлттық брендті, өнерімізді насихаттап, жастар аса жүгірмейтін салада жұмыс істегені біз үшін үлкен мадақ.

Өңірде Гүлпахат сияқты кәсіп ашуға талпынғандарға қолдау зор. Оларға  2005 жылдан бері облыс әкімінің гранты түрде беріліп келеді. Биыл  мәдениет, ғылым, ақпараттық технологиялар, медиа және бизнес бағыттары бойынша ерекше жобаларды ұсынған жастарға қаржылай қолдау көрсетіледі.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран ақамбаев, Сайлау Игіліков