Биыл 12 млн тұрғын газбен қамтылады

Биыл 12 млн 400 мың тұрғын газбен қамтылады. Былтыр бұл көрсеткіш 300 мыңнан асқан болатын. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Осылайша, елдегі газдандыру деңгейі 62 пайызға дейін жетеді. Қазір 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Бүгінде Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 миллиард метр куб болатын Мұнай өңдеу зауытын салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ биыл осы кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газды өндіретін кешеннің құрылысын бастау жоспарда бар. Ал «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы биыл аяқталмақ. Жалпы мамандардың айтуынша, елді мекендерді көгілдір отынға қосу – халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді.