Бірқатар өңірдегі ерекше балалардың аналары кәсіпкерлік курстарынан өтті

Еліміздің бірнеше өңірінде ерекше қажеттілігі бар балалардың аналары үшін кәсіпкерлік курстары өткізілді, деп хабарлайды 24kz.

Бір жылдық оқытуға 100-ге жуық әйел қатысып, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді. Жобаны «Мама Про» қоры жүзеге асырып, нәзік жандыларға бизнес әлеміндегі алғашқы қадамын жасауға көмектесті. Қатысушылар қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнесте жасанды интеллектті қолдануды, сондай-ақ үш жылға стратегиялық жоспарлауды үйренді. Елордада өткен «Мүмкіндіктерді бірге ашамыз» форумында жобаның қорытындылары шығарылып, іске асқан үздік бизнес идеялар таныстырылды.

Айта кетейік, қор 8 жыл бойы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдермен белсенді жұмыс істеп, кәсіпкерлік идеяларын жүзеге асыруға көмектесіп келеді.

Әлия Дүйсенбаева, ұйымдастырушы:

- Кәсібін ашқан ерекше аналарға көмектесуга арналған курстар. Сонымен қатар ЖИ, стратегиялық жоспарлау курстарын өткіздік. Оның мақсаты ашылған кәсіпке, ерекше аналарға көмек көрсету. Курс барысында өзінің табысын 50% үлкейткен.