АҚШ құтқарушылары Қазақстандағы әріптестеріне тренинг өткізді

Америкалық құтқарушылар үш күн бойы қазақстандық әріптестеріне арнайы тренинг өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Негізгі тақырып – дағдарыс жағдайларындағы тиімді басқару мен көшбасшылық дағдыларын дамыту. Оған төтенше жағдайлар министрлігінің басшылық құрамынан 60-тан астам адам қатысты. Оқу барысында төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдау, жедел әрекет ету және команданы үйлестіру секілді маңызды аспектілер қарастырылды. Оқу барысында қатысушылар  АҚШ пен Қазақстанның Төтенше жағдайлар бойынша негізгі кейстерін талқылады. Калифорниядағы ірі өрт және біздің еліміздегі өткен жылғы көктемгі су тасқыны айқын мысал ретінде алынды. Тренинг Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Бекенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

- Өткен жылы агенттік төрағасы АҚШ-қа сапары аясында Американың персоналды басқару кеңсесінің басшылығымен кездесіп, осы кездесу барысында екіжақты меморандумға қол қойған болатын. Осы меморандумның алғашқы шарасының бірі ретінде агенттік төрағасы қазақстандық мемлекеттік қызметшілер, атап айтқанда, ИЖ саласындағы мемлекеттік қызметшілер үшін дағдарысты басқару мәселесі бойынша осы тақырыпта онлайн оқытуды өткізу ретінде бастама жасаған болатын. Оқыту басталды. Оқыту негізі үш күн жіреді.

Серік Жүнісбеков, ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы:

- Дәріс алып отырған әрбір лауазымды тұлға өзіне тиісті ақпаратты алды. Біздің әріптестеріміз Құра штаттар дағдарыстағы қандай басқару тәсілдерін қолданып және бізге тиісті практикалық деңгейде көрсетіп, білім беріп жатыр. Оның бәрін әрбір осы жерде басшы, келекшекте өзінің жұмысында қолданады деп ойлаймын.