Елдегі балалардың 15%-ы күн сайын интернетте жағымсыз контентке тап болады – зерттеу

Елдегі балалардың 15%-дан астамы күн сайын интернетте жағымсыз контентке тап болады.

Бұл туралы Kazakhstan Kids Online зерттеу жобасы хабарлайды. Осы орайда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері ата-аналарға үндеу жасады. Олар елордадағы қайғылы оқиғаға үн қосты.

Еске салайық, өткен аптада Астана тұрғыны туысын өлтіріп, үшеуін жаралаған болатын. «Оған зорлық-зомбылық бейне ойындары себеп болған», деген ұйғарым жасалды. Ұлттық комиссия ата-аналар бақылау құралдарын қолдануды, балаларды гаджеттерді шамадан тыс пайдаланудан, деструктивті ойындардан қорғауды және киберқауіптерге байланысты тәуекелдерді азайтуға шақырды.