Ақтөбе облысында 61 шетел азаматы жолда қалды

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетел азаматы жолда қалды, деп хабарлайды 24KZ. Оқиға «Қарабұтақ – Комсомол – Қостанай» республикалық маңызы бар автожолының 114 шықырымында орын алған. Көлік Тәжікстаннан Ресейдің Челябинск қаласына бағыт алған. Абырой болғанда, оқиға орнына құтқарушылар жылдам жетіп, Жүргенов ауылының жылыту пунктіне 61 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Жолаушылардың көпшілігі – Тәжікстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясының 1 азаматы. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.