Түлектердің 75%-ы ғана жұмысқа орналасқан
Былтыр елдегі жоғары оқу орындары түлектерінің 75%-ы ғана жұмысқа орналасқан. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштерден едәуір төмен. Ал жас мамандардың жалақысы жылдағыдай 168 887 теңгені құраған.
Әсіресе өңірлер арасында алшақтық байқалады. Мәселен, Алматы облысында университет бітірген мамандардың 90%-ы еңбек нарығында өз орнын тапса, Қызылордада бітірушілердің жартысы ғана жұмысқа тұрған. Көбіне информатика, робототехника, физика, медицина саласы мамандарына сұраныс көбірек.
Осы және өзге де көрсеткіштер «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты форумда айтылды. Талдауға бас-аяғы 100-ден аса салалық сарапшы қатысқан.