Петропавлда жас мамандардан 100 еңбек жасағы құрылады

Петропавлда қолына диплом алған жас мамандардан 100 еңбек жасағы құрылады, деп хабарлайды 24KZ. Манаш Қозыбаев университеті түлектерді жұмыспен қамту үшін осындай бағдарлама қабылдады. Оның аясында жергілікті кәсіпорындармен алдын ала келісімшарт жасалды. Енді студенттер өз мамандығы бойынша бірден жұмысқа қабылданады.

Естеріңізге салайық, былтыр қалада құрылыс жасақтары құрылып, 140 жас жігіт су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлерді салған болатын. Бұл жолғы жоба басқа да бағыттарды қамтып отыр.  

Әділет Сұрағанов, Манаш Қозыбаев СҚУ магистранты:

- Менімен бакалавр бітірген қыз-жігіттердің көбі мамандығы бойынша жұмыс таба алмады. Саусақпен санарлығы ғана дипломы бойынша істеп жатыр. Сондықтан бұл жағынан студенттерге көмек керек.