Сенатор: Ақтау портының түбін тереңдету керек
Ақтау портының түбін тереңдету жұмысын бастау керек.
Себебі Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетіне соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі елеулі проблемаға айналды. Сенатор Сүйіндік Алдашев Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында бұл мәселе порттардың жұмысына кері әсер ететінін айтты. Қауіпсіздікті нығайтып, жүк ағынын арттыру үшін порттың түбін тереңдету қажет. Ал бұл шаралар жүргізілмесе, Транскаспий бағытының тұрақтылығына қауіп төнеді, - дейді Сүйіндік Алдашев.
Сүйіндік Алдашев, ҚР ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- «Ақтау порты акваториясында теңіз түбін тереңдету» жобасы Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жж. арналған кешенді жоспарына сәйкес енгізілген және құны 42 млрд теңге құрайтын жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Алайда құны 20 млрд теңге құрайтын 2025 жылы басталуы тиіс жобаға бүгінгі таңда бұл бағытта жұмыстың атқарылуына қаражат көзі қаралмағаны анықталып отыр. Бұл өз кезегінде жобаның уақытында іске аспай қалуына әсерін тигізіп отыр.