Дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды
Елде дәрі-дәрмек бағасы 30 пайызға дейін арзандайды.
Бастама бәсекелестікті ынталандыру мен тараптар мүддесін тең жағдайда қорғауға бағытталған.
Денсаулық сақтау министрлігі бағаға қатысты механизмді мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп пысықтап жатыр. Жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге мемлекеттік ақпараттық порталдар да жұмылдырылады. Аталған шара дәріханалардың кедендік декларациялары мен кассалық чектерінің деректеріне мониторинг жасауға мүмкіндік бермек. Жаңа механизм бойынша МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмек 20% дейін, көтерме сату үшін 25% дейін, ал бөлшек сауда үшін түпнұсқамен сапасы бірдей балама дәрілердің бағасы 30% дейін арзандайды.
МӘМС шеңберінде - 20%
Көтерме сату үшін 25%
Бөлшек сауда үшін 30% дейін арзандайды.