«Тәлімгерлік ұйымы» ұғымы ресми түрде енгізілді
Бүгін сенатта тәлімгерлік институтын жетілдіруге бағытталған түзетулер қаралып, мақұлданды.
Онда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ететін адамдарды оқыту міндеттелді. Заңда оларды дайындайтын ұйымдардың міндеттері де жазылады. Бұл туралы сенат отырысына қатысқан әріптесім Айнұр Қуатқызы студияға келіп кеңірек баяндап берсін. Айнұр қош келдіңіз. Жетім балаларға нақты кімдер тәлімгер бола алады?
- Бүгін сенатта қаралған бірқатар мәселенің ішінде осы Тәлімгерлікке ерекше тоқталмақпын. Себебі, Балалардың құқығын қорғайтын заңға дәл осы "Тәлімгерлік ұйымы" деген ұғым ресми түрде енгізілді. Қазақ қашанда «жетімін жылатпаған» ел. Айта кетейін, жалпы Тәлімгерлік институты енгізілгелі біраз уақыт болды. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кім-көрінген тәлімгерлік ете алмайды. Олар арнайы оқытылады. Бүгінге дейін еліміздің 17 қаласында 330-дан астам адам тәлімгер атанды. 77 - білім беру ұйымдарында 2962 - бала тәрбиеленіп жатыр.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары
77 - білім беру ұйымы
2962 - бала тәрбиеленіп жатыр
330 - тәлімгер бар.
Тәлімгер - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеуге және өз бетінше өмір сүруге дайындайды. Ал, тәлімгерлік ететін адамдарды іріктеу процесін қорғаушы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір кандидаттың мінез-құлқы, балаға деген көзқарасы әңгімелесу арқылы тексеріледі. Сондай-ақ оның тұрғын үйі-тұрмыстық жағдайы да ескеріледі. Іріктеудің барлық кезеңдерінен өтіп, тиісті қорытынды алғаннан кейін ғана кандидат тәлімгер бола алады. Ал бүгін заңға енгізілген жаңа түзету бойынша, Тәлімгерлер алдын ала міндетті түрде оқытылатын болды. Осы тұста сенат депутаты Әсем Рахметова балалар үйіне кез-келген адамды кіргізуге болмайды деді.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Тәлімгерлік институтын жетілдіру – бұл елімізде соңғы кезде қолға алынып жатқан шаралар. Бұған дейін де болған, бірақ заңнама тұрғысынан нақты жүйе енгізілмеген. 00:56 Алдағы уақытта осы институтты жетілдіру үшін кез келген адамды балалар үйіне кіргізуге болмайды. Олар арнайы дайындықтан, оқудан өтуі керек. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың алдағы уақытта қоғамға бейімделуіне, жаңа өмірге дайындалып кетуіне жалпы сырттағы адаммен қарым қатынасты жетілдіруіне бір ерекше маңыз болатын заң деп ойлаймын.
- Осы жерде менде бір сұрақ туындап отыр. Тәлімгерлердің қызметі ақылы ма?
- Сенат отырысында осы мәселені бірнеше депутат та айтып қалды. Жетім балалдарға тәлімгерлік жасайтын адам не ұйым ешқандай ақы алмайды екен. Депутат Бибүгіл Жексенбай да бұл сұрақты оқу-ағарту министрлігіне бағытттады.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Өз отбасымен қатар ата- анасыз жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға да жылулық беріп оларды ересек өмірге дайындау оңай емес. Осы жерде сұрақ туындайды. Халықаралық тәжибирені негізге ала отырып мемлекет тәлімгер адамдарға ынталандыру мақсатында қолдау көрсетеді ма болса қандай формада болу қажет?
Наталья Жұмаділдаева, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Өкінішке орай, балалар үйінен асырап алған балаларды қайтадан орталықтарға қайтаратындар бар. Сондықтан біз бұл мәселені май шаммен қарадық десек болады. Халықаралық тәжірибені зерттедік. Сондықтан біз үшін тәлімгерлік ұйымының жұмысы өте маңызды. Балаларға шынымен жанашыр адам өз еркімен тәлімгерлік жасай алады.
Статистикалық деректерге сүйенсек, ел азаматтары жыл сайын 1 мыңнан астам баланы отбасына қабылдайды. Ал жетім баланы тәлімгерлігіне алғандарға қойылатын талап қатаң. Ең әуелі кәмелетке толған, сотталмаған Қазақстан азаматы болуы керек.