Жетісуда халықаралық әуежай салынады
Биыл Жетісу облысындағы "Қорғас – Шығыс Қақпасы" арнайы экономикалық аймағында 17 кәсіпкерлік нысаны салынады.
Химиялық заттар, металл, тамақ, мақта және мата өнеркәсібінің жалпы құны 13 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Қытай шекарасына жақын ауқымды бастамалардың бірі әуежай құрылысы болады. Жобаны Қазақстан мен Германия бірлесіп жүзеге асырады. Жолаушы және жүк тасымалдауға арналған әуежайдың жобалау сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Оның құрылысы жыл соңында немесе келер жылы басталып 2027 жылы аяқталады деп көзделген.
Әсет Сейсенбек, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЕА Басқарушы компаниясы бас директорының бірінші орынбасары:
- Бұл жобаның өңіріміз бен еліміздің экономикасына көршілес жатқан елдермен жасап жатқан сауданың өрбуіне дамуына, операциялық сапасының артуына ұлғаюына әсерін тигізеді. Сондықтан жобаның тек өңірге ғана емес халықаралық маңызы бар десек те болады.