Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды

Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі әскерилендірілген ауданаралық соты офицерге осындай үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, «Батыс» аймақтық қолбасшылығы 25744 әскери бөлімінің лейтенанты Дамир Досов 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды. Сотталушы әскери атағынан айырылды, сондай-ақ қаза тапқан адамның анасына 20 миллион теңгеге моральдық залал өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы сот шешіміне шағымдана алады.