Алматыда Жеңістің 80 жылдығын атап өту басталды
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Осыған орай Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды 24kz.
Майдангерлерге құрмет көрсету осылай басталды. Салтанатты жиынға әскери басшылар, ардагерлер мен әр өңірден келген тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша сардарлар қатысты. Себебі бүгінгі жиынның мақсаты – жеңіс үшін жанын берген бабалардың ерлігін еске алу, осы арқылы жастарға тәрбие мен үлгі беру.
Айта кетейік, Кеңес одағының батыры атанған 500 отандасымыз бен одан өзге ерлікпен қаза тапқан майдангерлер ұмытылмауы керек. Өйткені соғыс көрген қарттар саны жыл сайын азайып барады. Қазір еліміз бойынша 120 соғыс ардагері бар, соның 25-і Алматыда тұрады. Жалпы биыл республика бойынша 90-нан аса шара жоспарланған. Соның бірі 28 қаңтар күні Астанада жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналады.
Тілеухан Басқожаев, ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы:
- Кеше, бүгін екі күннен бері өзіміздің ардагерлерді қорғаныс министрінің атынан мадақтап, өзіміз құттықтауларын жөнелтіп жатыр. Бүгінгі іс-шара соған арналады. Әр ардагерлердің бекітілген сомасы бүкіл ТМД бойынша ең жоғары Қазақстанда, 5 млн теңгеден қазіргі таңда бекітіліп отыр. Сондай үлкен-үлкен іс шаралар өтеді.