«Ұлттық қор – балаларға»: 888 млн доллар аударылды
Елде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 888 млн доллар бөлінді.
Әр балаға 129 доллардан аударылған. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.
Былтыр бағдарламаға 7 млн жуық адам қатысқан еді. Екі жыл ішінде олардың есепшотындағы сома 233 долларға жетті. Жиналған қаражатты кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады. Соның ішінде тұрғын үй немесе білім саласына жұмсауы тиіс. Биыл түскен өтінімдердің 34 мыңнан астамы баспана алуға, ал 32 мыңы білім алуға қатысты болып отыр. Қазірдің өзінде олардың басым бөлігі қанағаттандырылды.