Елдегі учаскелік полиция пункттеріне миллионнан астам қоңырау келіп түскен

Учаскелік полиция инспекторларының қызметі халықпен тығыз байланысты.

Олар былтыр 1,2 миллионнан астам адамның өтінішін қараған.

Бұл видео желтоқсан айында түсірілген. Онда түнгі 3 тер шамасында 102-ге шұғыл хабарлама келіп, күйеуінің 12-қабаттан секіргелі жатқанын айтып, көмек сұрайды. Оқиға орнына дер кезінде учаскелік полиция инспекторы Жандос Әлқожаев суицид жасауға бекінген азаматты аман алып қалады.      

Жандос Әлқожаев, учаскелік полиция инспекторы:

- Шыны керек ол кісі тек бір футболкада тұрды. Сол футболкасынан ұстап, жоғары тартып,ішке кіргізбекші болғанымда жыртыла бастады. Сосын сол жақ қолының қолтығынан ұстап, тартып, шығарып алдық азаматты.

Әйелінің түсіндіруі бойынша отбасы жанжалының себебі әлеуметтік жағдайға байланысты. Жолдасы күйеуі жұмыс істемейді. Сол себепті деп түсіндірді.

Учаскелік полиция инспекторларының қызметі сырт көзге оңай. Олардың әрқайсысы күніне 10 шақты шақыртуға барады. Ал онда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. 

Ғаламат Кенбаев, учаскелік полиция инспекторы:

- Әр вызовқа, әр хабарламаға дайын барамыз. Өйткені біз білмейміз қандай адам шақырып жатқанын, қандай жағдайда шақырып жатқанын. Сол себепті біз әр хабарламаға серезьно қараймыз орысша айтқанда. Дайындықпен барамыз. Сіздерге қарсы шабуыл сондай оқиғалар болып па еді? Иә ондайлар жағдайлар орын алады. 

Полицейдің сөйлеп болғаны сол еді Балқантау көшесіндегі өзге әріптестерінен рацияға “көмек қажет” деген шұғыл шақырту келді.

Мерей Қанапия,  тілші:

- Қазір полиция қызметкеріне шабуыл жасап жатыр деген хабарлама келіп түсті. Біз де көмекке ұмтылған екінші жеке құраммен оқиға орнына жеттік. 

Сол маңда жүрген полицейлердің барлығы жиналған. Олар патруль қызметкеріне шабуыл жасаған азаматтардың қолына кісен салып, көлікке отырғызып жатыр. Тәртіп бұзғандар дәмханада жанжал шығарып, артынан шақырту бойынша келген полицейге жабылғаны белгілі болды.  

Барлығы мас па негізі? – иә барлығы мас. Жедел түрде жетіп келдік те бізге қарсылық көрсеткендіктен күш қолданып, көлікке отырғыздық. Қолдарына кісен салынды. Барлығы 2 адам ғой сонда ия? – жалпы 3 адам. Басқа адамды басқа экипаж алып кетті. Қазір айықтыру орталығына апарамыз.   

Артынша біз де айықтыру орталығына бардық. Тәртіп бұзғандардың бірі әлі есін жимаған секілді.    

Аға лейтенат мырза менде наручник бар.

- Сізге наручникті заңға бағынбағаныңыз үшін салды.

- Сіз кімсіз? – Мен де полиция қызметкерімін. Мен сізді түсінген жоқпын. Мен мына кісімен сөйлесіп тұрмын.

Аға лейтенант мырза, сіз білесіз менің кіммен сөйлесіп тұрғанымды. Сізбен жеке сөйлессем бола ма?   

- Қолыңызға не болды? - Қолым жаңа алысып жатқан кезде болып қалған шығар дене қызуымен білінбей қалды. Олар негізі 4 адам болған ба? – Білмеймін бізге 3-4 адам деп түсті. Біз барған кезде 3 адам жүр екен. Үшеуі де мас күйінде. Сол жердің азаматтары секілді. Өзіңізге зақым келген жоқ па? – Жоқ ондай ешнәрсе болмады. 

Азаматтардың қаншалықты ішімдік ішкені анықталғаннан кейін полиция басқармасына жеткізіледі. Әрі қарай әкімшілік іс қозғалып, жаза тағайындалады. 

Жандос Әлқожаев, учаскелік полиция инспекторы:

- Полиция қызметкерінің қызмет барысында заңды талабына бағынбағаны үшін азаматтарға ҚР Әкімшілік Құқық кодексінің 667-бабында көрсетілгендей хаттама толтырылады. Әрі қарай сотқа жіберіледі. Ол жерде 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Жоғарыда көрсетілгеннің барлығы учаскелік полиция қызметкерлерінің тек бір күндік қызметі. Олардың қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіптің алдын алудағы еңбегі орасан.

Мерей Қанапия, Марат Диқанбаев