Алматыда тұратын соғыс ардагерлері шипажайда тегін ем қабылдайды

Алматыда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шипажайда демалып, ем қабылдауы үшін тегін жолдама беріледі.

Ай сайын қаржылай әлеуметтік көмек те көрсетіледі. Сондай-ақ, қалалық әкімдіктің шешіміне сәйкес, қан майданда қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне де қолдау жасалады.  Бүгінде Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 24 ардагері тұрады. Оқ пен оттың ортасынан аман оралғандар қандай құрметке де лайық. Былтыр ардагерлерге қала қазынасынан 14 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жәнібек Қанышұлы , шипажайдың емдеу-оңалту бөлімі меңгерушісі:

- Ұлы Отан соғысы ардагерлерін біз жыл сайын санаториямызда қабылдаймыз. Біз ардагерлерге тегін жобалар жасап жатқанымызға қуаныштымыз, мақтанамыз да. Соғыс ардагерлері келген жағдайда 2 дәрігер қарайды. Терапевт, кардиолог дәрігерлері қарайды. Қосымша реабилитолог дәрігері қарайды.