«Қазгидромет»: Биыл жердің тоңы қатып үлгермеген

Биыл қыс жайлы болып тұр. Тіпті жердің тоңы да қатып үлгермеген, деп хабарлайды 24kz.

Әрине, қатқақ елдің солтүстігінде көбірек жүреді. Қазіргі максималды шамасы 130 см-ге жуық. Бұл – солтүстік-батыс, солтүстік шығыс және Арқа өңіріндегі тоңның қалыңдығы.

Нақтырақ айтсақ, «Қазгидромет» мамандарының болжауынша, Қостанай облысында 129-130, Павлодар аймағында 118-131 см, Қарағанды және Ақмола облыстарында 110-121 см-ге жеткен. Ал былтыр бұл уақта Павлодар, Қарағанды жақта тоңның қалыңдығы 2 метрге жуықтаған еді. Дегенмен, қыс аяқталған жоқ. Мамандар: «Жердің тоңы әдетте ақпан-наурыз айларында максималды тереңдікке жетеді», - дейді.

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Өткен жылы 31 қаңтарда максималды тереңдіктегі тоң Павлодар облысында (170-199 см), Қарағанды облысында (145-190 см) тіркелген. Топырақтың тоңы әлі де жалғасуда және бұл қыстағы температура жағдайына және қар жамылғысының қалыңдығына байланысты болады.