Депутат: Қазына қаржысынан жұмсалатын тиімсіз шығындарды азайту керек
Қосымша құн салығын көтеріп, оның төлем межесін бірден төмендету елде көлеңкелі кәсіптің дамуына түрткі болуы мүмкін. Себебі тауар бағасы шарықтап, тұтынушыларға да, кәсіп иелеріне де қаржылай жүк түсіруі ғажап емес.
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Үкімет басшысына жолдаған бүгінгі депутаттық сауалында осындай мәселе көтерді. Оның айтуынша, ел экономикасын нығайту үшін қазына қаржысы есебінен жұмсалатын тиімсіз шығындарды азайтып, салықтан жалтарған азаматтарға қарсы күресті күшейту керек.
Берік Бейсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Салықты, Үкімет айтқандай, кәсіпкерлерден бюджетті толтыру үшін ғана емес, оларға еш зияны тимейтін мөлшерде алу керек. Салық мөлшерін арттыруға байланысты бастаманы Парламент Мәжілісіне енгізу кезінде біздің ұсыныстарымызды ескеруіңізді сұраймыз.