Ақтөбе облысында заң саласының мамандары жастармен жүздесті
Ақтөбе облысында соңғы бір жылда 100-ден астам зияткерлік меншік патенті тіркелді. Олардың 10%-ке жуығы – жастар ойлап тапқан туынды.
Облыстық Әділет департаменті мамандары: «Талантты студенттер аз емес», – дейді. Дегенмен көпшілігі «заңның құқық қорғау құралы» екенін түсіне бермейді. Сондықтан құзырлы орган мамандары жастармен жүздесіп, құқықтық сауаттылықтың маңызы туралы баяндады. Басқосуға «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау мәселесі арқау болған. Шараға 700-ге жуық студент пен тәжірибелі адвокаттар, заңгерлер мен сот орындаушылары қатысты.
Тимур Убишев, облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы:
- Мысалы, зияткерлік меншік саласы. Балалар қазір өте дарынды. Ол бірдеңе ойлап шығарады. Мысалы, компьютерлік бағдарлама ойлап шығарады. Соны жазады. Болмаса бір ән, кітап жазады. Соны өзіне тіркей алады. Тіркеумен өзін-өзі қорғай алады.