Сингапур премьер-министрі вакцина салдырды

Сингапур премьер-министрі вакцина салдырды

Сингапурда вакциналау қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін қала-мемлекеттің премьер-министрі Ли Сянь Лун екпе салдырды. 68 жастағы саясаткерге Pfizer-BioNTech препараты егілген. Оның айтуынша, вакцина барлық тұрғын үшін, тіпті елдегі шетелдіктер үшін де жеткілікті. Қазір екпені негізінен медицина қызметкерлері мен COVID-19-ға шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін мамандар қабылдауда. Үкімет алдын ала сауалнама жүргізіп, жергілікті халықтың 60%-і вакцина салдыруға ниетті екенін анықтаған.

Ли Сянь Лун, Сингапур премьер-министрі:

- Осында келіп, вакцина қабылдағаным үшін өте бақыттымын. Еш ауырған жоқ. 3 аптадан соң қайта келіп, тексерілемін. Екпе салдыру маңызды әрі тиімді. Барлық сингапурлықтар қабылдайды деп сенемін.