Трампқа импичмент жариялау туралы хаттама мәтіні шықты

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы 11 қаңтарда президент Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы хаттама мәтінін ұсынды.

Құжатқа сәйкес, «Трамп бүлік ұйымдастырмақ болып, АҚШ пен үкімет институттарының қауіпсіздігіне қауіп төндірді» деп айыпталып жатыр.

Резолюция 13-14 қаңтарда талқыланғаннан кейін импичментке Өкілдер палатасы дауыс беруі тиіс. Егер құжат мақұлданса Сенаттың қарауына өтеді. Сенат қолдаса, Трамптың алдағы уақытта президенттік сайлауға тусуге құқығы болмайды.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 6-сы Трамптың жақтастары Капитолийге басып кірген еді. Тәртіп сақшылары мен наразылардың арасындағы қақтығыстан 5 адам қаза тапты. Жалпы Ақ үй басшысының президенттік мандаты 20 қаңтарда аяқталады. Дәл осы күні жаңа сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясы өтеді.

Сондай-ақ...