Сирияда су тасқынынан екі жарым мың шатыр қирады

Сирияның солтүстік-батысындағы босқындар лагері су тасқынының зардабын тартуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта бірнеше күн қатарынан жауған жауын мен дауыл жергілікті тұрғындарды әбігерге салды. Табиғат апатынан 2 мың 500 шатыр қирап қалған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апаттан 6 жастағы бала көз жұмды. Қазір 40 мыңнан астам босқынның жағдайы қиын. Күннің суығы мен азық-түлік тапшылығынан сырқаттанып қалғандардың қатары артып барады. Ал аурухана лагерьден бірнеше шақырым жерде орналасқан.

Абу Махмуд, босқындар лагерінің басшысы:

– Дауылдан кейін біраз есеңгіреп қалдық. Баспанамыздан айырылдық. Барар жер, басар тауымыз қалмады. Қатты желден аман қалған шатырлардың іші суға толды. Жолдар жабылып қалды. Аймақта ауызсу тапшы. Дәрі-дәрмек те жетіспейді.

Сондай-ақ...