Германия жаңа штамм тіркелген елдермен әуе қатынасын тоқтатады

Германия жаңа штамм тіркелген елдермен әуе қатынасын тоқтатады

Германияда індет жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда ел билігін коронавирустың жаңа штамдары қатты алаңдатып отыр. Мутациялар бірнеше емхана мен балабақшадан анықталған. Осыған байланысты Германия жаңа штамм тіркелген Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Бразилиямен әуе қатынасын тоқтатады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шектеулер келесі аптада енгізіледі. Басқа халықаралық рейстер саны да едәуір қысқаруы мүмкін. Сарапшылар Дания, Ирландия және Испаниямен әуе қатынасы тоқтауы мүмкін екенін айтады. Қазір бұл елдерде жаңа штамдар кең тарап жатыр.

Хорст Зеехофер, Германияның ішкі істер министрі:

- Бізге жалпыеуропалық нұсқау әзір берілмейтін сияқты. Сондықтан жаңа шаралар қабылдауға дайындалып жатырмыз. Сондай-ақ Үкімет деңгейінде кеңес жүріп жатыр. Біздің басты мақсатымыз вирус мутациясы шыққан елдерден келушілерге шектеу қою. Бірақ Венадан неміс шекарасына дейін ұзын-сонар кезек болғанын қаламаймыз. Сондықтан стационарлық бақылау нысандары болмайтын шығар. Тек іріктеп қана тексеруіміз мүмкін.