Еуропада вакцина жетіспеушілігі сынға алынды

Еуропада халықты коронавирусқа қарсы вакциналау шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда кәрі құрлықтың көп елі екпе жетіспеушілігі мәселесімен ұшырасқан. Еуропарламент депутаттары бұл үшін Брюссельдегі шенеуніктерді айыптап отыр. Олардың пікірінше, ресми Брюссель вакцина шығаратын компаниялармен келісімшарттарды жасағанда олқылықтар жіберген. Мысалы құжаттарда өз міндеттерін уақтылы атқармағаны үшін жазалау қарастырылмағанын айтады. Үкімет басшылары алдағы уақытта вакцинаны жеткізу мәселесі шешіліп, халықты егу жұмыстары күшейтілетінін айтады.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Біз бекіткен жоспарда әр тоқсан сайын қанша көлемде вакцина жеткізілетіні нақты белгіленген. Яғни біз бұған дейін уәде еткеніміздей жаз соңына дейін еліміздің барлық азаматына екпе егуге қажетті вакцинаны толық көлемде ұсына аламыз. Ол оңай іс емес, дегенмен қалай жүзеге асатыны хаттамада тұр.

Сондай-ақ...