Таяу Шығыста вакциналау ақпанның ортасында басталады

Таяу Шығыстағы Иордан өзенінің Батыс жағалауында вакциналау науқаны ақпан айының ортасында басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Палестина үкіметінің премьер-министрі Мұхаммед Штайе мәлімдеді. Бұл елге 50 мың вакцинаның алғашқы легі жақында келуі тиіс. Екпелерді жеткізу ісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Ковакс» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Халықаралық бірлестік өкілдері Палестинға «Файзер-Байонтек» вакцинасының 37 мыңнан астам дозасы берілетінін айтады. Бұдан басқа, мұсылман мемлекеті «АстразЕнеканың» кемінде 240 мың мөлшеріне тапсырыс жасамақ.

Мұхаммед Штайе, Палестина премьер-министрі:

– Тапсырыс берілген барлық вакцинаға ақша мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Алдағы 2 аптаның ішінде екпе шараларын тез бастап кетуіміз керек. Вакциналау науқаны Палестинаның барлық аумағында, оның ішінде Газа секторында да жүргізіледі.

Сондай-ақ...