ДДСҰ сарапшылары Уханьдағы вирусология институтына барды

ДДСҰ сарапшылары Уханьдағы вирусология институтына барды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бір топ сарапшысы қытайлық әріптестерімен бірге Ухань қаласындағы вирусология институтына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, пандемия басталған кезде ақпарат көздерінде вирус осы Ухань қаласындағы зертханада қолдан жасалды деген мәлімет тараған болатын. Қаңтар айының ортасында коронавирусты зерттеу үшін осы қалаға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары екі апта карантинде отырып шықты. Халықаралық сарапшылар тобы COVID-19-дың пайда болу себебін анықтау үшін келген. Топтың құрамында әртүрлі елдердің мамандары бар. Осы уақытқа дейін олар Уханьдағы бірнеше аурухана мен азық-түлік базарларын зерттеп шықты. Әзірге қандай да бір қорытындыға келген жоқ.