Johnson & Johnson компаниясы вакцинасын қабылдауға өтініш берді

Johnson & Johnson компаниясы коронавирусқа қарсы шұғыл қолдануға арналған вакцинаға рұқсат беруге өтініш тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы корпорация сайтында хабарланған. Енді аталған өтінішті АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекті санитарлық бақылау басқармасы қарауы керек. Johnson & Johnson екпесінің тиімділігі үшінші сынақтан кейін-ақ 85 процент екені дәлелденген. Компанияның өзі де препарат қауіпсіз деп сендіреді. Егер вакцина мақұлданса, АҚШ-та қолдануға рұқсат берілген екпелер саны 3-ке жетеді. Бұған дейін құзырлы орган «Файзер» және «Модерна» вакциналарын мақұлдаған болатын.

Сондай-ақ...