Еуроодақ кәрі құрлық экономикасын қолдауға 672 жарым млрд еуро бөледі

Мұндай шешімді Еуропалық одақ кеңесі бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, бұл сома ішкі қарыз есебінен жиналмақ. Ал оны 2052 жылға дейін өтеу көзделген. Жалпы, осы қаржы одаққа мүше елдерге экономиканы қайта қалыпқа келтіруге бағытталған инвестиция мен реформаларға арналған грант және қарыз ретінде беріледі. Бірақ қаржылай жәрдем алу үшін 27 елдің үкіметтері алдымен Брюссельге дағдарыстан шығу жоспарын ұсынулары қажет. Негізгі талаптардың бірі – инвестицияның 37 проценті жасыл экономиканы жетілдіруге жұмсалуы керек. Тағы 20 проценті цифрлық технологияларды енгізумен байланысты. Жалпы, жоспар бойынша экономиканы қалыпқа келтіруге қажетті қаржы жаздың соңына дейін жұмсалуы қажет екен.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Басты мақсатымыз – жаздың соңына дейін Еуроодақ халқының 70 процентін вакциналау. Негізі жаз маусымы бізде қыркүйектің 21-і аяқталады. Одаққа мүше елдер қаржының қайда кететіні туралы шешімді ратификациялаған соң Еурокомиссия ішкі нарықтан алған қаржыны бөле бастайды.