Индонезия тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе салдыруға міндеттеледі

Индонезия тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе салдыруға міндеттеледі

Индонезия тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе салдыруға міндеттелетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бас тартқандар үшін айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ ол азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетілмеуі мүмкін. Биліктің түсіндіруінше, бұл ұжымдық иммунитеттің тезірек қалыптасуы үшін қажет шара. Осылайша, 15 ай ішінде 270 миллион халықтың үштен екісіне, яғни шамамен 180 миллион азаматқа вакцина салу көзделіп отыр. Негізі екпе салу науқаны өткен айдың ортасында басталған. Қазір екінші кезеңі жүріп жатыр. Үкімет вакциналау кезінде басымдық берілетін топқа миллиондық аудиториясы бар блогерлерді де қосқан. Билік олар өз ісімен жастарға үлгі болу керектігін айтады.