Перуде вакциналауға қатысты дау шықты

Бұл елде ақшасы мен танысы барлар екпені кезексіз ала бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тергеу барысында бекітілген тізімде болмаған 487 адамның жасырын препарат салдырғаны анықталды. Олардың арасында осы елдің экс-президенті Мартин Вискарра, оның көлік жүргізушісі, діни жетекшілер, бұрынғы министрлер, жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстары және тіпті Қытай мейрамханасының иесі бар.

Айта кетейік, Перу Қытайдың «Синофарм» вакцинасын алдырған болатын.

Оскар Угарте, Перудің денсаулық сақтау министрі:

– Барлығы 3200 вакцина заңсыз және құпия жолмен берілген. Оның 1200-і Қытай елшілігіне жіберілген. Бұдан басқа, тағы 2 мың вакцинаның қайда екенін және оларды кім салдырғанын іздеп жатырмыз. Бұл былыққа үкіметтік құрылымдарда жүргендердің тікелей қатысы бар.

Сондай-ақ...