419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

NASA-ның ғарыш құралы Марсқа қонды

  • 98
NASA-ның ғарыш құралы Марсқа қонды

NASA-ның Perseverance деп аталатын ғарыш құралы Марсқа қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зонд жіберген алғашқы мәліметті АҚШ-тағы Басқару орталығында отырғандар зор қуанышпен қабылдады.

Алты дөңгелекпен қозғалатын ғарыш құралы Марсқа, тіпті басқа планеталарға ұшырылғандардың ішіндегі ең ірі және техникалық жағынан ең күрделісі. Бұдан басқа «қызыл ғаламшарға» адамзат тарихында алғаш рет арнайы құрылымдалған тікұшақ жіберілді. Ғалымдар осы зонд арқылы Марста тіршілік ететін бактерияның бар-жоғын зерттеп, білуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы