Газа секторында көптен күткен вакциналау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аймаққа Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері коронавирусқа қарсы екпені тегін берген. Препаратты бірінші кезекте жасы 60-тан асқан қариялар мен созылмалы сырқаты бар тұрғындар қабылдамақ. Газаның Денсаулық сақтау министрлігі халықты егілуге телефондарына қысқа хабар жіберу арқылы шақыруда. Жалпы бұл аймаққа барлық тұрғынды вакциналау үшін 2 миллион 600 мың доза керек.
Рияд Занун, Газаның бұрынғы денсаулық сақтау министрі:
- Денсаулық сақтау саласының осы қиын-қыстау кезеңге төтеп бере алғанын мақтан тұтамын. Әйтпесе, мүмкіндік мүлде шектеулі.