430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинде халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

  • 131
  • UPD: 17:49, 01.03.2021
Филиппинде халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

COVID-19-ға қарсы екпені алғаш болып Маниладағы 6 аурухана дәрігерлері алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Қытайдың «Sinovac» компаниясының вакцинасымен жүргізіліп жатыр. Қазір Филиппинде жалғыз осы екпе бар. Бірақ кейбіреулер оны қолдануға қарсылық білдіріп, шеру өткізді. Олар биліктен халықты қытайлық вакцинамен егуді тоқтатуын талап етуде. Үкімет екпенің қауіпсіз екенін айтып, өзге вакциналар жеткізілгенге дейін қолданылатынын айтады.

Франсиско Дуке, Филиппин, денсаулық сақтау министрі:

– Бұл вакцина қауіпсіз әрі коронавирустан қорғаныш күші жоғары екеніне сеніңіздер. Екпе адамдардың қалыпты өмірге тезірек оралуына мүмкіндік береді.

Роберт Мендоза, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері одағының басшысы:

– Біз үкіметтен медицина қызметкерлеріне қытайлық қана емес, басқа да бірлестіктердің вакцинасын алуға жағдай жасауын сұраймыз. Дәрігерлерге тегін, қауіпсіз, тиімділігі жоғары деп танылған екпе салыну қажет.

Хабар 24 телеарнасы