Британияда ковидтің бразилиялық штамы жұққан науқас іздестіріліп жатыр

Ұлыбританияда ақпан айының ортасында тест тапсырған азамат іздестіріліп жатыр. Тексеріс барысында оның бразилиялық штамды жұқтырғаны анықталған. Алайда науқас өзі жайында еш ақпарат қалдырмай кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, науқаста ауру қандай да бір белгі көрсетпесе де қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруде.

Айта кетейік, қазір Біріккен Корольдікте коронавирустың мутацияға ұшыраған бірнеше штамдары таралуда. Әзірге бразилиялық штамға 6 науқас шалдыққан. Мамандар вакцинаның бұл штамға қарсы тиімділігі өзгелерге қарағанда төмен болуы мүмкін дейді. Сондықтан індеттің жайылмауы үшін барлық науқастар дереу оқшаулануы керек.

Надхим Захави, Ұлыбританияның вакцинация мәселесі бойынша министрі:

- Бұл адамды тез арада табуымыз керек. Сондай-ақ оңтүстік африкалық штамы да анықталған науқастарды тауып оқшаулауымыз қажет. Қазір тұрғындарды жаппай тестілеп жатырмыз. Сонымен қатар эпидахуалы күрделі аймақтардан келген кез келген азамат міндетті түрде карантинде отыруы шарт.