Жаңа Зеландияның Окленд қаласында қатаң карантин аяқталды

Жаңа Зеландияның Окленд қаласында бір апта бұрын енгізілген қатаң карантин аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 миллион тұрғыны бар шаһарда соңғы 7 күнде коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бірақ қалада ішінара шектеулер сақталады. Мысалы, тұрғындар қоғамдық көлікте бетперде тағып, бір орында көп адамның жиналуына болмайды.

Блиц 1:

- Карнтин аяқталып, емін-еркін далаға шығып, адамдармен шүйіркелескен қандай жақсы.

Блиц 2:

- Бізде бұған дейін де шектеулер енгізілген. Бірақ апта бойы үйден шықпау қиын екен. Көшеге шығып таза ауа жұтқанға не жетсін?!