Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Соңғы 2 айда тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 8,2 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жаңадан салынған баспана құны 4,2 процентке көтерілген. Ұлттық статистика бюросы ақпан айын қорытындылады. Осылайша, жылдық өсудің негізгі деңгейі 20,3 процентті құрады. Өткен жылдың осындай кезеңінде жаңа тұрғын үйдің бағасы 5 процентке, екінші деңгейлі нарықтағы баспана құны 13,2 процентке қымбаттаған еді. Қазір елде жаңа баспананың бір шаршы метрі 322 мың теңге болды.