Австрияда блокбекеттер қойылды

Австрияда блокбекеттер қойылды

Австрия билігі коронавирусты тоқтатуға барын салуда. Елдің солтүстік-шығыс шекарасында індеттің жаңа ошағына айналған Винер-Нойштадт қаласында бақылау бекеттері қойылды. Бұл талапқа көнбегендер бір мыңнан астам еуро айыппұл төлейді.

Регина Радисловиц, жергілікті тұрғын:

- Меніңше, қатаң бақылау орнатудың еш қажеті жоқ. Рас, науқас тым көп. Бірақ індеттің таралуын тоқтату үшін барлық адамның тест тапсырғаны жеткілікті болар еді.