Палестина басшысы вакцина салдырды

Палестина басшысы Махмуд Аббас коронавируске қарсы вакцина салдырды.

Аббастың инфекцияға қарсы вакцинаның біірнші дозасын салдырғаны туралы WAFA агенттігі хабарлады.

Палестина басшысы халықты Денсаулық сақтау министрлігінің айтқанына құлақ асып, санитарлық ережелерді ұстануға шақырды.

Бұл елде халыққа вакцина салу науқаны 21 наурыз күні басталды.

Айта кету керек, қаңтар айында Палестина Ресеймен келіссөздер жүргізіп, артынша мұнда «Sputnik V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

Аударған: Г.Абилова

Сондай-ақ...