Сауд Арабиясында мұнай терминалдарының біріне шабуыл жасалды

Сауд Арабиясында мұнай терминалдарының біріне шабуыл жасалды
yandex.ru

Сауд Арабиясының Джизан қаласындағы мұнай терминалына зеңбірек оғы құлап, салдарынан жарылыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, бұл әрекетті йемендік хуситтер жасаған, деп жазады Saudi Press Agency.

Елдің Энергетика министрлігі өкілінің мәліметінше, снаряд 25 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 21:00-де құлаған. Салдарынан терминалдағы резервуарлардың бірінен өрт шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. 

Сауд Арабиясы мұны «қорқақтардың шабуылына» балады.