Танзанияда 45 адам тапталған рәсімнің видеосы жарияланды

Танзанияда қайтыс болған президентпен қоштасу рәсімінде кептеліс болып, 45 адам көз жұмды.

Тағы 37 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Бұған дейін 5 адамның ажал құшқаны белгілі болған еді. Кейін құрбандар қатары өскен. Танзанияны 2015 жылдан бері басқарған Джон Магуфулидің мәйіті салынған табыт 21 наурызда стадионға қойылған еді.

Ресми мәлімет бойынша ол жүрегі ауырып, өмірден озған. Бірақ бірқатар ақпарат құралдары президенттің коронавирустан қайтыс болғанын алға тартады.