Ресейдің «КовиВак» вакцинасы алдағы күндері қолжетімді болады

Коронавируске қарсы үшінші ресейлік вакцина алдағы күндері халыққа салына бастайды.

Қазір препараттың сапасын бақылау сатысы жүріп жатыр. Әңгіме «КовиВак» екпесі жайлы. Оны Чумаков атындағы ғылыми орталық мамандары жасаған. Препарат 19 ақпанда тіркеліп, 25 наурызда өндіріске шығарылды. Жылына оның 10 миллионға дейін дозасы өндіріледі деп жоспарлапнып отыр.

Ғалымдар «КовиВактың» вирустың жаңа мутацияларына қарсы тиімділігі жоғары екенін айтады. Негізі бұған дейін Ресейде «Спутник Ви» және «ЭпиВакКорона» вакциналары жасап шығарылған.