Калифорнияда ойын-сауық орталықтары ашылды

АҚШ-тың Калифорния штатында ойын-сауық орталықтары ашылды.

Бірақ аттракционға келушілерге талап қатаң. Маска киіп, арақашықтық сақтау бұлжымас міндет. Әзірге ашық кабиналарға ғана кіруге рұқсат. Сондықтан ойын-сауық орындарындағы бос орындардың тек 15 проценті ғана толуы керек.

Айта кетейік, кейбір аттракциондар індет басталғалы бері мүлде ашылмаған.

Итан Беккер, жергілікті тұрғын:

- Ойын-сауық орталықтарын қатты сағынып кеттім. 13 ай бойы мұндай жерлерге келе алмай қойдық. Енді елден бұрын келіп, мәз болып жүрмін.