Прагадағы Ресей елшілігінің алдында наразылық шеруі өтті

Чехия мен Ресей арасындағы дипломатиялық жанжалдан кейін осы елдегі ресейлік елшілік алдында наразылық шеруі өтті.

Дипломатиялық өкілдік алдына жиналған шерушілер Еуроодақ пен НАТО туын ұстап, екі ел арасындағы текетіресте Чехияны қолдауға шақырды. Акцияға қатысушылар Мәскеудің әрекетін айыптау керек дейді.

Наразылық акциясы кезінде жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Полиция 7 шерушіні қамауға алды.

Еске сала кетейік, кеше Чехия 2014 жылы Врбетицедегі қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа қатысы бар деген айыппен Ресейдің 18 дипломатын елден кетуін талап етті. Мәскеу жауап ретінде Чехияның 20 дипломатты «нон грата» деп жариялады.