Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қаза тапқандар саны 20 адамнан асты

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандардың жалпы саны 20 адамнан асты деп мәлімдейді дерек көздері, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерт болғандардың арасында кәмелет жасқа толмаған қыз бала да бар. Ал, жарақат алғандардың саны 284-ке жетті. Баткен облысының денсаулық сақтау министрлігінің үйлестірушісі Арзыбек Борубековтың айтуынша, зардап шеккен 38 адам ұшақпен Бишкектегі ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге салайық, Баткен ауданының Көк-Таш ауылының тұрғындары Тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған бейне-бақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ екі жақ тіл табыса алмай, бір-біріне тас жаудыра бастаған. Көршілес елдер атысты бірінші бастады деп бірін бірі айыптады.