БҰҰ: Газадағы қақтығыс тоқтатылсын
БҰҰ гуманитарлық көмек көрсету үшін Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға шақырды.
Тиісті қарарды Бас Ассамблея қабылдады. Бастаманы 153 мемлекет қолдап, дауыс берді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Ал 10 ел қарсылық танытып, тағы 23-і жиыннан қалыс қалды. Маңызды құжатта кепілге алынғандарды босату мен бейбіт тұрғындардың халықаралық құқын сақтау көзделген. Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы қос ел арасындағы қақтығыс қайта басталғалы анклавқа көмек жеткізу тоқтағанын айтқан еді.
Деннис Фрэнсис, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы (Нью-Йорк):
-Жақында біз Дохада форумға қатысып, өзге мемлекеттермен ынтымақтастықты арттыру үшін басқа платформаларды пайдаланып көрдік. Мұндағы мақсат – әлем елдерінде бейбітшілік орнату. Бұл қақтығысты дереу тоқтатуға шақырамын.