Чехияда вакцинаның бірінші және екінші дозасын егу арасы 42 күнге ұзартылды

Чехия да коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші дозасын егудің арасын 42 күнге ұзартты.

Бұл «Файзер» және «Модерна» екпелеріне қатысты шара. Шешімді Чех Республикасының Денсаулыққа төнген қауіп-қатер мәселелері бойынша үкімет кеңесі мақұлдаған. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл шара кәсіби тұрғыда әбден зерттеліп, енгізілді, сондықтан еш алаңдаудың қажеті жоқ деп мәлімдеді. Дәл осы сәтке дейін Чехияда 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Бұл халықтың әзірге 10 процентіне де жетпейді.