Газаға гуманитарлық көмек жеткізілді

Газа секторына гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағына Египет тарапынан 130 жүк көлігі кірген. Жергілікті Қоғамдық қызмет және тұрғын үй министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, 11 күнге созылған әуе шабуылдарынан 769 үй мен коммерциялық ғимарат жермен жексен болған. Сондай-ақ кемінде 1400-дей ғимарат қираған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 800 мың тұрғын ауыз суға жарымай отырғанын айтады. Сектордағы су құбырларының жартысына жуығы зақымданған.

Хусейн Әл-Саид, жүк көлігінің жүргізушісі:

– Египет президенті Әбдел-Фаттах ас-Сиссидің нұсқауы бойынша, біз Газа халқына көмек әкелдік. Гуманитарлық көмек қатарында азық-түлік, медициналық құрал-жабдықтар және басқа да қажетті заттар бар.